Сайлау қарсаңындағы екі оқиға республикалық газеттердің баса назарын аударып отыр: Біріншісі – Ресейдің «Байқоңыр» ғарышжайына төлеген 65 миллион доллары төңірегіндегі дау. Бұл жолы басылымдардың бірі қолды болған ақшаның бір бөлігі «Отан» партиясының сайлау кампаниясына жұмсалуы мүмкін деген күдік келтіріпті. Екіншісі - «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесінің енгізілу мүмкіндігі. Бұл орайда оппозиционерлердің бірі Жоғары сотқа шағымданыпты
Алдағы сайлау қалай өтеді? Қандай партиялар жеңіске жетуі мүмкін? Электронды дауыс беру жүйесі қажет пе? Бұл сауалдар республикалық басылымдарда түрлі пікірлер мен жорамалдарға негіз болып отыр. Сондай-ақ президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев журналист Асхат Шәріпжановтың қазасы жайлы өз пікірін білдіріпті.
Сайлау қарсаңында Азаматтық партия мен «Ақ жол» партиясы белсенділері арасындағы жанжалдар жалғасын табуда. Бір жағынан, Азаматтық партия мүшесі, Парламент депутаты Мұхтар Тінекеевтің «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбіловтің үстінен түсірген шағым-арызы бойынша туындаған сот процесі тәмамдалмағаны мәлім болса, екінші жағынан Азаматтық партия төрағасы Азат Перуашевтің «Ақ жолдың» келесі теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаевтың өзін қорқытып-үркітпекші болды деп жұртшылыққа жариялауы газет беттерінде түрлі пікір тудырып отыр.
Сайлау алдында қара-пиардың қолданылуы республикалық басылымдардың басым назарын аударып отыр. Бұл орайда «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Ораз Жандосов Қазақстанның қазіргі жағдайында лас технологияларды билік қана пайдаланады десе, келесі бір газеттерде бұл іске ресейлік саяси технологтардың үлесі бар екендігі сөз болады.
Мерзімді баспасөздегі «Наурыз-банк» шатақ оқиғасына қатысты мақалалардың сиясы кеппей тұрып, Президент әкімшілігі жетекшісі Иманғали Тасмағамбетовтың аты-жөні бірден екі күмәнді оқиғаның ортасында аталады.
Алдағы сайлаудың өткізілуі турасында республикалық басылымдар қарама-қайшы баға беріп отыр. Мәселен, басылымдардың бірінде Қазақстан өкіметі әділ сайлау өткізуге мүдделі емес, оған электронды дауыс беру жүйесінің енгізілуі дәлел деген пікір айтылса, келесі бір газет мұны жоққа шығарып, керісінше билік алдағы сайлауды демократиялы жолмен өткізгісі келеді деген ой айтады.
Журналист Асхат Шәріпжанов шілденің 20-сы күні таң сәріде көз жұмды. Тергеу орындары оның өліміне шілденің 16-нан 17-сіне қараған түнде болған жол апаты себеп болды деп мәлімдеген. Алайда, алғашқы тергеу қорытындысы бойынша күмән келтіретін тұстар бар дейді Шәріпжановтар отбасының құқығын қорғаушы Мұстахим Төлеев.
Парламент депутаттығына сайлау жақындаған сайын электронды сайлау жүйесі, теле пікірсайыстар, саяси партиялардың қызметі – республикалық басылымдардың баса назарын аудартып, пікірталас тудырып отырған тақырыптар. Мәселен, парламент мәжілісі төрағасының кеңесшісі газеттердің бірінде электронды сайлау жүйесі алда сайланатын парламентті заңсыз ету мүмкін деген қауіп айтса, мемлекеттік басылымдардың бірі керісінше бұл жүйенің сенімділігін алға тартады.
Павлодар облысындағы Шідерті тәртібі жеңілдетілген колониясы Павлодар-Астана тас жолынан бір километр қашықтығы жазық далада орналасқан. Оның айналасы толығымен қоршалған, күзет қойылған, бір сөзбен айтқанда Шідерті кәдуілгі колония, - деп баяндайды Павлодар облысынан Шідерті елді-мекенінен Ғалымжан Жақияновтың қоғамдық қорғаушысы Петр Своик.
Шілденің 13-і, жұма күні Қазақстанның коммунистік партиясының лидері Серікболсын Әбділдин коммунистердің кезекті съезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға жіберу туралы халықтық референдум өткізу жайлы шешімге келгендерін, алайда, сайлау науқанының басталуына сәйкес бұл шара күзге, дәлірек айтқанда, қазан айына шегеріліп отырғандығын жеткізді.
«Азаттық» радиосына берген алдыңғы сұқбатында сенатор Зәуреш Батталова Құсмұрын түрмесінде қамауда болған Ғалымжан Жақияновтың Павлодардағы тәртібі жеңілдетілген колонияға ауыстырылуы оның құқығының бұзылуы дегенді айтқан. Ол Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақиянов тұтқындалған жері Алматыға жіберілуі тиіс деген пікір білдірген.
Тағы