Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағандыда үлкен салтанатпен ашып, бірақ сол күйі бір де ұшақ шығармаған «ҚазАвиаСпектр» шағын ұшақтар жасайтын зауыты саудаға шығарылды. Бастапқы бағасы зауыт іске қосылған бес жыл бұрынғы құнынан арзан.
Теміртау қаласы ішінде жеңіл көлігі БТР-мен соқтығысып, ауыр жараланған Сергей Помазановтың тергеуді қайта жүргізуді талап етіп жүргеніне бір жылдан асқан. Бірақ әскери прокуратура «жол-көлік апатына оның өзі кінәлі» деген уәж айтады.
Жүзге жуық адам Қарағандының орталық саябағындағы тоған мен оған жапсарлас аумақты бірнеше жыл бойы жиналған қоқыс пен қалдықтан тазартуға қатысты.
Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан Қарағанды облысының тұрғындары жеңілдіктер жайын сұрау үшін жергілікті билікпен кездесуге мүмкіндік алды. Апаттан соң 30 жыл өткенде Чернобыль ардагерлері өздерін ұмыт қалғандай сезінеді.
Қарағандыда орталық саябақтағы жасанды көлді қалпына келтіруге қажетті қаржы жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы Теміртау қаласында мүгедектерге арнап киіз басу курсы ұйымдастырылған. Қазақстанда қой жүнін сатып алу қиын екені осы кезде анықталды.
Теміртау тұрғындары үкіметтен «президенттің қаласында» тарифтерді қымбаттатуға жол бермеуді сұрайды. Олар мұны ашық тыңдауда мәлімдеді. Шенеуніктер шығынның көбейіп кеткенін айтып, тұрғындардан «байқап сөйлеуді» сұрады.
Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған қазақстандық Магниткада жұмыс істеген ресейлік саясаткер Олег Сосковец Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа барып, жұмысшыларды «шыдауға» шақырды.
Көкпекті мен Рабочий кенттерін су басқанына екі жылдан асқанымен, тұрғындар әлі ес жимаған. Оларға моральдық әрі материалдық зиян әлі өтелмеген. Сот «зиян кінәлі жандардан өтелсін» деген қаулы шығарған. Азаттық тілшісі су тасқынынан зардап шеккен ауылға барып қайтты.
Теміртаулық Ольга Павлованың өзі салған картиналардан қайырымдылық көрмесін ашу жайлы көптен бергі арманы орындалды. Жас суретші картиналарды сатудан түскен ақшаны науқас балаларды емдетуге жұмсамақ.
Билік «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында тексеру жүргізіп, заң бұзылған жағдайларды таппады. Металлургтер кәсіподағы «сапалы» тексеруді талап етіп, бас прокуратураға қайта шағым жазған.
Қарағанды облысындағы Көкпекті бөгетінің бұзылу ісіне қатысты шыққан сот үкіміне жұрттың көбі наразы. Бөгет бұзылып, су тасқыны жүргенде бес адам мерт болып, бірнеше адам жарақат алған әрі жүздеген үй бүлінген болатын.
«Жалған терроризмге» қатысты айыпталған мұғалімнің адвокаттары жазықсыз адамның сотқа тартылғанын айтады. Тергеушілер мұнымен келіспейді, ал кей «жәбірленушілер» зиян шеккендерін айтады.
Теміртауға тәжірибеден өтуге келетін үндістандық студенттер қазақстандық студенттердің өмірі «еркіндеу» деп санайды. Оларды жергілікті кафелердің көптігі мен тұңғыш президент атындағы мұражай қайран қалдырған.
Қарағандыдағы ардагерлер ұйымдары жергілікті билік пен кәсіпкерлерді зейнеткерлерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуге шақырады. Билік олардан ресми өтініш күтіп отыр.
Теміртауда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алғашқы инклюзивтік топ ашылды. Онда мүгедек және дені сау балаларды бірге оқытпақ. Бірақ бір реттік қаржылық көмек небәрі сегіз айға ғана жетеді.
Теміртау тұрғындарына «коммуналдық қызмет ақысы бірден 200-300 пайызға қымбаттайды» деп жариялады. Ал тұтынушылар жаңа коммуналдық кәсіпорынның проблемаларын шешу үшін билікке «халықтан қарыз сұрауды» ұсынды. Билік жұртты «шу шығармауға» шақырды.
15 мамыр – дүниежүзілік СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні. Дәрігерлер ВИЧ жұқтырғандар саны көбейгенін айтады. ВИЧ жұқпалы дерті Орталық Қазақстандағы ауылдарға да жеткен. Ауруға шалдыққандардың дені – жастар.
Билік Теміртау металлургтері кәсіподағының «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының «штаттан тыс жұмыс күшін» пайдалануы жайлы шағымын тексеріп жатыр. Кәсіподақтар «еңбек қатынасының мұндай формасын пайдалану заңсыздық болуы мүмкін» деп күдіктенеді.
Қарағанды металлургиялық кәсіпорны «экологиялық заңды бұзғаны» үшін салынған 36 миллион теңгеден көп айыппұлмен келіспейді. Қарағанды облысында мұндай ірі айыппұлдар сирек салынады. Кәсіпорын өкілдері «зиян көлемін жеті есе асырып көрсеткен» деп мәлімдейді.
Тағы